16 қаңтар 2022 | 20:30

Лаңкестер 1 347 қару-жарақты алып кеткен - Алматы ПД басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Жасұлан Нұрқасымов

Алматы Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов террористер 1 347 қару-жарақты алып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов террористер 1 347 қару-жарақты алып кеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Басқа террористер тобы бір уақытта 7 қару-жарақ дүкенін басып алды. Ондағы қару-жарақ пен оқ-дәрілерді иемденді. Бүгінде 1 347 қару ұрланған. Оның ішінде: 501 ойық, 807 тегіс ұңғылы, 39 газтравматикалық қару", - деді Алматы Полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қылмыскерлерден қару-жарақтарды тәркілеу жалғасып жатыр.

Реклама
Реклама

"Бүгінде арнайы операциялар барысында 127 қару, 2 800 түрлі калибрлі оқ, сондай-ақ басқа да оқ-дәрілер мен арнайы құралдар және ұрланған мүліктер тәркіленді. Қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Таймерденов.

Тонаушылар 1 600-ден аса сауда нысанын тонаған. Сондай-ақ, 356-дан аса автокөлік, оның ішінде полицияның 163 қызметтік көлігі бүлінген және жойылған.

Еске салайық, 2 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындары сұйытылған мұнай газы қымбаттауына байланысты митингіге шыққан болатын. 3 қаңтарда бірден бірнеше облыста митингілер басталды. Наразылық шарасына мұнай өндіруші кәсіпорындардың жұмысшылары да қосылды. 4 қаңтарда өзге де қалаларда бірден жаппай тәртіпсіздік басталды.

Тұрғымбаев Қазақстанда жаппай тәртіпсіздікке ұласқан оқиғалар хронологиясын баяндады

Кейінірек Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді

5 қаңтарда үкімет отставкаға кетті, Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, сұйытылған газ, бензин және дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу енгізілді. Алайда толқу күшейе түсті. Алматы қаласы қатты зардап шекті. Бүлікшілер әкімдік ғимаратын өртеп жіберді, Президент резиденциясын басып алды, дүкендерді, сауда орталықтарын, банк кеңселері мен банкоматтарды қиратып, тонады.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан күрделі қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға тоқталып, сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты халықтың наразылығын тудырғаны үшін Үкімет, соның ішінде, Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақгаз" кәсіпорындары кінәлі екенін айтты.

6 қаңтарда Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚК-нің жаңа басшысы болып Ермек Сағымбаев тағайындалды. Дәл осы күні ҰҚК Қылмыстық кодекстің 175-бабы 1-бөлігі бойынша "Мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен басқа да тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ал 10 қаңтар Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығын 12 қаңтарда 100 миллиард теңгеден асты. Қаза болғандар мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр, әлі белгісіз.

11 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа үкімет мүшелерін тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная