08 маусым 2016 | 21:18

Лаңкестер басып алған автобустың жүргізушісі әскери бөлімге қақпасын қалай соғып кіргенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Aktobenews.kz © Aktobenews.kz

Ақтөбеде лаңкестер басып алған автобустың 32 жастағы жүргізушісі Мұрат Исекенов қанды оқиғалардың ортасына қалай тап болғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбеде лаңкестер басып алған автобустың 32 жастағы жүргізушісі Мұрат Исекенов қанды оқиғалардың ортасына қалай тап болғаны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Aktobenews.kz.

"Сол күні мен әдеттегідей бірінші маршрутыма шықтым. Сағат 13.00-де автобустың қозғалтқышы қызып кете бастады. Абырой болғанда, қаланың ескі бөлігінен ықшамауданға бара жатқан адамдар аз болды, сондықтан мен аялдамаларға тоқтамай жүріп келе жаттым. Тұрақтайтын жерімізге жетуге асықтым, қозғалтқышты көруім керек болды. Көпірден түсіп келе жатып, Әлия Молдағұлова даңғылында кептеліс пайда болғанын көріп, кіші "Әлияға" өтіп кеттім. Барлығы осы жерде басталды. Алдымнан патрульдік полиция көлігі атып шығып, жолды жауып қалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері атып шығып, сол жерде атыс басталып кетті. Айхай-шу, атыс бәрін есеңгіретіп тастады. Менің қауіпсіздік белбеуім ағытылмай қалды, ағыта алмай қалдым. Жолаушыларға "қашыңдар" деп айғайлағаным есімде. Бірақ олардың барлығы еденге жата қалды. Жанымда әйелім болған, ол кондуктор, оған қарап қоямын. Сол аман болса екен деген жалғыз ой болды. Өзім жайлы ойламаппын да", - деп еске алады теракт жайлы Мұрат. 

Оның айтуынша, лаңкестер автобусты басып алып, жолаушылардың барлығын жібере салыпты. 

"Әйелім Айгүл мені де босатуларын қалады, бірақ лаңкестер оған қару кезеп тұрып, қашуын бұйырды. Ал менің басыма автоматтарын кезеді де, Жилгородка жаққа жүруімді талап етті. Ешкімге тоқтамай, жолға түскеннің барлығын соғып жүре беруім керектігін айтты. Бірақ мен кедергілерден айналып өтіп үлгердім. Кейде қарсы бағытқа шығып кетіп жатып, кейде тежегішті басумен болдым. Өзімнің өмірімді сақтау үшін біреудің өмірін жалмамаймын ғой. Әскери бөлімге жақындағанда лаңкестер өмірімді аман алып қалуға бір ғана мүмкіндігімнің барын айтты. Тірі қалуым үшін қақпаны соғып, қоймаларға дейін кіруім керек болды", - дейді автобус жүргізушісі.

Ол осы уақытта не ойларын да білмегенін айтты, бірақ қылмыскерлерге қарсылық көрсеткісі келіпті. 

"Қақпаны соғып кіргенімде автобустың қозғатқышын қасақана өшірдім. Күзетшілер байқап қойып, қылмыскерлерді әскери бөлімге кіргізбейтін шығар деген ой болды. Бірақ лаңкестер дереу оқ ата бастады. Құлағымның түбінен тұрып автоматпен, қарумен атты. Есімнен танып қалғандай болдым. "Есікті аш" деген айғайдан есімді жидым. Олар бөлімнің ауласына жүгіріп кетті. Осы қарбаласта артқы есікке барып, сыртқа шығып кеттім. Мені де ата бастады. Бірақ мен қақпаны жағаладым. Әйтеуір аман шығып кеттім. Осы күйімде Жилгородтағы тұраққа жеттім", - дейді Мұрат. 

Ол осы оқиғадан кейін ауруханаға түскенін айтты. Дәрігерлер оны қала сыртындағы емханаға жіберіпті. 

"Осы емханада көз дәрігері ендігі емді учаскелік дәрігерден алуым керектігін айтты. Қарбалас болып кетті. Әлі де басым ауырады, ем тағайындаған да жоқ. Қазір Қобдадамын, сонда туғанмын. Тыныш жерде туыстарыммен бірге бұл оқиғаны ұмытатын шығармын. Осыдан кейін толықтай тексерілемін. Таныстарым ол үшін 15 мың теңге қажет екенін айтты. Таяу арада осынша ақша жинауым керек", - дейді ол.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети