Лаңкестер ядролық қаруды қолға түсіруге талпынып жүр - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лаңкестер ядролық қаруды қолға түсіруге талпынып жүр - сарапшы © pravda.ru

Көптеген лаңкестік ұйымдар ядролық қаруды қолға түсіру үшін әрекеттеніп жүр. Бұл туралы ОКҚ-дегі брифинг кезінде Пагуош конференциясының президенті Джаянта Данапала мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көптеген лаңкестік ұйымдар ядролық қаруды қолға түсіру үшін әрекеттеніп жүр. Бұл туралы ОКҚ-дегі брифинг кезінде Пагуош конференциясының президенті Джаянта Данапала мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"АҚШ пен Ресей сияқты ядролық державалардың ара-қатынасы нашарлап барады. Әлемдегі 15 мың ядролық қарудың 95 пайызы осы елдерде. Тағы тоғыз мемлекетте ядролық қару бар және көптеген лаңкестік ұйымдар оны қолға түсіре алмай жүр", - дейді Данапала Астанадағы брифингте. 

Ол ядролық қару мұндай ұйымдар қолына түссе, лаңкестердің оны міндетті түрде пайдаланатынын және компьютерлік жүйелерді бұзу қаупі барын атап өтті.

Айта кетейік, 25 тамызда Астанада ғылым мен ғаламдық проблемаларға арналған 62-ші Пагуш конференциясы ашылады. Онда ядролық қауіптің жаңа түрлеріне қарсы тұру жолдары қарастырылады. 

"Біз Қазақстан үкіметімен қызметтестігімізді абырой санаймыз, өйткені бұл бізге ядролық қару қауіптерін қайта талқылауға мүмкіндік береді. Біз Семейде не болғанын білеміз. Ол полигон жабылғанмен әлемнің өзге жағында сынақтар басталуы мүмкін. Сондықтан ең басты келісім әлі күшіне енген жоқ деуге болады", - дейді Джаянта Данапала.

Конференция 29 тамызға дейін өтеді. Бұл жиын ҚР Сенаты мен Сыртқы істер министрілгінің қолдаумен өтеді және оған әлемнің 46 елінен 200 делегат қатысады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети