24 маусым 2015 | 17:27

Лаңкестік туралы жалған хабарлама бергендерге қатаң жаза қолданылатын болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Imenno.ru © Imenno.ru

Астана Прокуратурасы жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламаға жауапкершілікпен қарауды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана Прокуратурасы жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарламаға жауапкершілікпен қарауды ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық прокуратура басқармасы басшысының орынбасары Айдын Раев брифингте жалған лаңкестіктің көбі телефон арқылы жасалатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, "көңіл көтерудің" бұл түрі жастар арасында сәнге айналған.

"Әдетте мұндай қоңыраулар белгісіз мақсатта жасалады, мұндай қадамға баратындар арнайы органдардың әрекетін көргісі келеді немесе мас күйде болады", - деді Айдын Раев.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрбір қоңырауға тиісті әрекет жасауға міндетті. Сондықтан да органдар жалған лаңкестікпен күресу үшін барлық күш жігерін жұмсайды. Раев азаматтардың құқықтық және қылмыстық жауапкершілікті сезінбейтінін айтты.

Қылмыстық кодекстің бұрынғы редакциясында қылмыстың мұндай түріне айыппұл салу немесе бостандығын шектеу ғана қарастырылған. Жаңа кодексте жауапкершілікке тартудың балама нұсқалары жоқ, тек 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бар.

"Елорда прокуратурасы лаңкестік туралы жалған хабарлама бергендерді ең ауыр жазаға кесуге аса назар аударып отыр", - деді Астана прокуратура басқармасы басшысының орынбасары.

Ол арнайы және құқық қорғау органдырының лаңкестік туралы жалған хабарлама бергендерді заманауи технологиялар арқылы еш қиындықсыз табатынын айтты.

Соңғы 5 жылда елордада жалған лаңкестікке қатысты 49 қылмыстық іс тіркелген.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети