Латвия полициясы Асылбек Мусиннің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық істі жапты

Ригада ?айтыс бол?ан ?аза?стан азаматы Асылбек Мусинні? ?лімі бойынша ?оз?ал?ан ?ылмысты? іс жабылды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?Р СІМ баспас?з ?ызметіні? ?кілдері хабарлады.

Ригада қайтыс болған Қазақстан азаматы Асылбек Мусиннің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінің өкілдері хабарлады.

"Полицияның мәліметінше, қылмыстық істе қылмыс құрамы болмағандықтан іс жабылды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салайық, былтыр 27 желтоқсанда Латвия астанасы Ригада Қазақстан Президенті Әкімшілігінің экс-жетекшісі Аслан Мусиннің ұлы - Асылбек Мусиннің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Оқиға 22-нен 23 желтоқсанға қараған түні болған. Іс 22 желтоқсан сағат 23:42-де полицияда тіркелді. Полицейлердің ақпараты бойынша, марқұм 15-қабаттан құлаған. Асылбек Мусин Қазақстан елшілігінің консулдық тіркеуінде болмаған. Кей мәліметтер бойынша, оның елде тұруына ықтияр хаты болған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама