13 қыркүйек 2017 | 09:26

Латын әліпбиіне көшу үшін 600 миллион теңге бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Латын әліпбиіне көшу үшін 600 миллион теңге бөлінеді, - деп хабарлайды "24 Хабар". Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәжілістегі үш жылдық бюджеттің жобасын таныстыру барысында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Латын әліпбиіне көшу үшін 600 миллион теңге бөлінеді, - деп хабарлайды "24 Хабар". Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Мәжілістегі үш жылдық бюджеттің жобасын таныстыру барысында айтты.

Телеарнаның мәліметінше, 2018 жылы бюджеттің табысы шамамен 5 триллион теңге болады. Ал шығыны 9 триллионнан асады. Айтуларынша, қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға жұмсалады.

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2018 жылы еліміздегі жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,1 пайыз деңгейінде болады деп болжанып отыр. Сондай-ақ, министр бюджет қаражатын игеру мәселесінің шешілуі мүмкін екенін айтты.

"Қосымша функциялар қарастырылып жатыр, мысалы, қазынашылық сүйемелдеу. Бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында мердігерлерге бөлінетін бюджет қаражатының игерілуін бақылайтын қазынашылық органдар. Енді осы органдар қаражаттың толықтай игерілуін қадағалап, сәйкесінше, оларда сол жұмыстардың орындалғанын растайтын құжаттар болады", - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Еске салайық, 11 қыркүйекте ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өткен еді. Сол тыңдауда Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық координациялық-әдістемелік орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы Ербол Тілешов қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын ұсынған болатын. Оның айтуынша, жаңа нұсқада 25 әріп болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети