Латын әліпбиіне көшуді созбалақтауға негіз жоқ - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Латын әліпбиіне көшуді созбалақтауға негіз жоқ - Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінен латын әліпбиіне өту процесін созбалауға негіз жоқ деген ойда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілінен латын әліпбиіне өту процесін созбалауға негіз жоқ деген ойда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"КССР-де өмір сүрген қазақтар кириллицамен жазды, Қытайда тұрғандар - төте жазумен, Батыс елдеріндегілер - латын әрпімен жазды. Тіліміз бір болғанымен, үш түрлі жазумен жазып, кімнің не жазғанын түсінбедік. Бұл ұрпақтарымыздың жігін ажыратып жіберуі мүмкін еді, бұл бір жағынан, екінші жағынан - қазір ғаламтордағы техника мен ғылым жетістігінен алшақтатты. Мұны дұрыстау үшін жұмысқа кірістік. Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі бізді біріктіре түседі", - дейді ҚР президенті. 

"Жолдауымда мерзімді 2025 жыл деп белгіледім, бірақ, мұны созбалауға негіз жоқ деп ойлаймын. Ғалымдарымыз Түркияның, латын әліпбиіне өткен көршілеріміздің тәжірибесіне сүйене отырып, біздің әліпбиімізді жасай алады. Олардың кемшіліктерін ескеріп, өз әліпбиімізді жасауымыз керек. Бұл қиын емес, өйткені балалар бірінші сыныптан бастап ағылшын тілін оқиды. Бізге қиын болмайды", - дейді Елбасы. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети