"Балапан" телеарнасына алғашқы жылдары басшылық еткен Жанар Шәмелдің бала күтімінен кейін қызметіне оралуына байланысты Ләйлә Сұлтанқызы әріптесіне орнын беріп, барлық жұмысты тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның Стратегиялық маркетинг департаментіне сілтеме жасап.
"Балапан" телеарнасына алғашқы жылдары басшылық еткен Жанар Шәмелдің бала күтімінен кейін қызметіне оралуына байланысты Ләйлә Сұлтанқызы әріптесіне орнын беріп, барлық жұмысты тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі телеарнаның Стратегиялық маркетинг департаментіне сілтеме жасап.
"Балапан" телеарнасы 2010 жылдың 27 қыркүйегінде ашылған болатын. Ләйлә Сұлтанқызы 2012 жылдан бастап, 5 жыл бойы осы уақытқа дейін аталмыш арнаның директоры қызметін атқарды. Сол аралықта "Балапан" арнасы миллиондаған бүлдіршіннің сенімді досына, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі көмекшісіне айналды. Сондай-ақ, телеарна отандық теленарықта ойып тұрып орын алды, өз бағытын айқындап үлгерді.
Әсіресе отандық өнімнің үлесін арттыруда маңызды рөл атқарып келеді. Арна ашылған алғашқы жылдары шетелдік өнім - 60 пайыз, өзіндік өнім - 40 пайызболса, қазір бұл көрсеткіштердің орны ауысқан. Бес жыл ішінде түрлі жанрдағы (спорттық, интеллектуалдық, юморлық, анимациялық және т.б ) 300-ден аса балаларға арналған жобалар жарық көрді. Халықаралық "ТЭФИ" және Ұлттық "ТҰМАР" телевизиялық бәйгелерінде үздік атанды. Disney, DreamWorks сияқты басқа әлемдік ірі анимациялық компаниялардың ең сапалы, сұранысы жоғары телеөнімдері қазақ тілінде сөйлей бастады. Шетелдік мультфильмдердің мәтінінен бастап, әндеріне дейін қазақшаға аударылды. Көрерменмен интерактивті байланысты нығайту мақсатында тікелей эфирдегі бағдарламаларды жарыққа шығарды. Кішкентай болса да, кәсіби тележүргізушілер қалыптасты.Тұңғыш рет балаларға арналған телеxикаялар да түсірілді.
Ләйлә Сұлтанқызы "Балапан" телеарнасында қызмет етіп жүргенде, 2014 жылы "Мәдениет саласының үздігі', ал 2016 жылы "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағын иеленді.