08 сәуір 2019 16:31

Ләззат Танысбай QAZAQSTAN РТРК басшысы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ләззат Танысбай Ләззат Танысбай

QAZAQSTAN телеарнасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


QAZAQSTAN телеарнасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Қымбатты достар! Бүгін "QAZAQSTAN" РТРК" АҚ ұжымына жаңа басшы - Ләззат Танысбайды таныстырдым.
Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", - деп жазды Дәурен Абаев. 

Сонымен қатар, Дәурен Абаев осыған дейін төрағалық қызметті абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі. 

Таяуда Ерлан Қарин ҚР Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Осыған дейін, Ләззат Танысбай "Нұр-Медиа" холдингін басқарды.

Ләззат Мұратқызы Танысбай 1973 жылы 11 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген. Алматы халықаралық журналистика институтын және Халықаралық бизнес университетін бітірген.

1993 жылдан 2001 жылға дейін Қазақ телекөрсетілім редакторы, "Қазақстан телекөрсетілім мен радиосы "Ұлттық теледидар және ақпараттық агенттігінің жетекші репортері, "Хабар" агенттігінің жетекші жаңалықтар қызметінің редакторы болып жұмыс істеді.

2001 жылы "Хабар "агенттігі" ЖАҚ Орталық бюросының атқарушы продюсері болып тағайындалды.

2002-2005 жылдары бас сарапшы, кейін Президент баспасөз қызметінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

2008-2011 жылдары - "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2011 жылы байланыс және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. 2012 жылы "Астана" телеарнасын басқарды.

2018 жылдың шілдесінен бастап "Нұр-Медиа" холдингінің бас директоры болып жұмыс істеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети