Лейла Йылдыз Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лейла Йылдыз Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды Лейла Йылдыз.

Лейла Йылдыз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Агенттік төрағасының кеңесшісі қызметіне осы уақытқа дейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Халықаралық серіктестік орталығының басшысы болған Лейла Йылдыз келді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомство өкілдері Лейла Йылдыздың Кембридж университетінің магистратурасын және Назарбаев Университетінің докторантурасын аяқтағанын айтып өтті.

Лейла Йылдыз еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Зерттеу-сараптау саласында тәжірибесі мол, PRINCE2 Practitioner стандарты бойынша маман.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети