Lexus пен екі пәтер сатып алған: Маңғыстауда қаржы пирамидасы әшкере болды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Lexus пен екі пәтер сатып алған: Маңғыстауда қаржы пирамидасы әшкере болды Фото:elements.envato.com

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті LiveGood қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті LiveGood қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

LiveGood компаниясы дәрі мен биологиялық белсенді қоспаларды сату түріндегі желілік маркетинг ретінде көрініп, шын мәнінде салымшыларды тарту арқылы кепілдендірілген табыс уәде етіп отырған. Өнімді сатып алу міндетті болмаған. Қатысушылардың табысы тікелей түрде жазылу құны 50 АҚШ долларынан басталатын жаңа адамдарды тарту санына байланысты болған.

"80-нен аса азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналды. Салымшылардың қаражатын заңдастыру мақсатында күдікті оларды криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялармен шығарып, кейін туыстарының шоттарына аударған. Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол Ақтау қаласынан екі пәтер мен Lexus көлігін сатып алған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны - 43 млн теңге", - деп жазылған хабарламада.

Сот санкциясымен күдіктінің 132 млн теңге көлеміндегі есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды. Бұлтартпау шарасы ретінде күдікті үйқамаққа алынды. Іс сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети