Лейла Йылдыз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың кеңесшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Агенттік төрағасының кеңесшісі қызметіне осы уақытқа дейін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Халықаралық серіктестік орталығының басшысы болған Лейла Йылдыз келді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство өкілдері Лейла Йылдыздың Кембридж университетінің магистратурасын және Назарбаев Университетінің докторантурасын аяқтағанын айтып өтті.
Лейла Йылдыз еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Зерттеу-сараптау саласында тәжірибесі мол, PRINCE2 Practitioner стандарты бойынша маман.