LifeNews ресейлік басылымы Украина президенті Петр Порошенко мен Қазақстан "әнұраны" туралы роликті өшіріп тастады. Әңгіме Украина президенті Петр Порошенконың әнұран айтып тұрғаны түсірілген видеоға атышулы "Борат" фильміндегі Қазақстанның "әнұранын" салып, жазылған видеороликтер жөнінде болып отыр, -деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осыған дейін "Өрлеу" Ұлттық орталығы" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов бұл роликке қатысты наразылығын білдірген болатын. Әбеновтің Facebook әлеуметтік желісіне жазған пікірінше, мемлекеттік органдар Қазақстан аумағында LifeNews сайтының таралымына тыйым салуға міндетті. "Қазақстанды қорлаған видеоны өшіртіп, кешірім сұрауды талап ету керек. Бізде ондай құқық бар ғой. Бас прокуратураның елімізді ашық түрде Интернет арқылы осылай қорлап жатқандарға неге жауап бермейтінін түсінбеймін. Электронды БАҚ-ты бақылауы тиіс біздің шенеуніктерді жауапкершілікке тартып, шараның қолданылуына бастамашылық ету керек. Біздің Заңды қалай бұзып отырғандарын көріп ресми түрде әрекетсіздік деп тану қажет. Біз бұл ережелерді өзіміздікілерді жазалау үшін ғана жетілдірмейміз ғой. Немесе достастық еліне қарсы кезекті рет үндемей қаламыз ба. Іштен тынамыз... Мен, мысалы, ҚР Азаматы ретінде менің елімнің абыройын сақтауды талап етемін! Қажет болса ресми үндеу жазуға дайынмын", - деп жазды Әбенов Facebook желісінде.
Еске салайық, видеоролик Facebook желісінде LifeNews басылымының тобында 16 шілдеде таңғы уақытта жарияланды. Ол "Порошенко Жоғарғы радада Ляшкомен музыкалық батл ұйымдастырды" делінген сипаттамамен шықты.