"Лифт 25 қабатқа соғылды": Алматы әкімдігі оқыс оқиғаға қатысты түсінік берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр

Алматы әкімдігі Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі оқиғаға қатысты түсінік берді, онда лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы әкімдігі Mega Towers тұрғын үй кешеніндегі оқиғаға қатысты түсінік берді, онда лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 29 маусымда Mega Towers ТК, Кекілбайұлы көшесі, № 264 үй мекенжайында болған. 

"Алматы коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасының Лифт жабдықтарын бақылау бөлімінің мамандары осы мекенжайға барды, лифтке визуалды тексеру жүргізілді және қызмет көрсететін ұйыммен бірге болған оқиғаның себептері талқыланды. Бұл оқиға қабылданды және жұмыс тәртібінде қаралады, жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша тиісті шаралар қабылданады", - деді әкімдіктегілер.

Қала әкімшілігінің мәліметінше, "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңның 2-бабы 14-тармағына сәйкес, лифтілер - ортақ мүлік, оны ұстау ауыртпалығын қызмет көрсететін басқару органы мен тұрғындар бірлесіп көтереді.

Әкімдік өкілдері Sigma маркалы лифт 2008 жылдан бері пайдаланылып келгенін хабарлады. Сондай-ақ, олар қызмет көрсететін ұйымның жұмысы қанағаттандырмаса, тұрғындар жиналыста оны ауыстыру немесе басқарудың жаңа нысандарының бірін таңдау туралы мәселе қозғай алатынын айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRISP ALMATY | КРИСП АЛМАТЫ (@krisp_almaty)

Еске салайық, Алматыдағы тұрғын үй кешендерінің бірінде оқыс оқиға болды. Лифт 25-қабатқа жылдамдықпен көтеріліп, ғимараттың төбесіне соғылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro