Лифтіде тиіскен: қарағандылық қыздың анасы мәлімдеме жасады

viewings icon 771 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қарағандылық оқушының анасы сот шешімімен келіспейтінін айтып, арнамызға сұхбат берді. Оның айтуынша, қызына лифтіде тиіспек болған ер адам ауыр жаза арқалауы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандылық оқушының анасы сот шешімімен келіспейтінін айтып, арнамызға сұхбат берді. Оның айтуынша, қызына лифтіде тиіспек болған ер адам ауыр жаза арқалауы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

14 жастағы қыздың артынан еріп, ілесе лифтіге бірге кірген ер адамның әрекеті бейнежазбаға түсіп қалған. Қарсылық көрсеткен жеткіншекті сыртқа шығармай, қысым көрсеткен жігіт 23 жастағы тұрғын екені кейін анықталды. Оның үстіне, арам ойдың арбауында қалған ер адамның отбасы бар.

"Үйге шақырдым. Ойымда арам ой болды, оны мойындаймын. Істеп тұрған нәрсемнің бәрін мойындап тұрмын", - деді күдікті.

Күдікті кінәсін толық мойындағанымен, бұл іс зорлық-зомбылық дерегі деп танылмайды. Ал оқушының анасы бұл үкіммен келіспейтінін айтып, жазаны қатаңдатуды сұрап отыр.

"К. есімді ер адам сот шешіміне сәйкес, адамды қорлап, тиіскені үшін кінәлі деп танылды. Оны әкімшілік жазалау мақсатында 3 тәулік қамау туралы шешім бар. Әзірге сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ", - деді Мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Алексей Ан.

Әділдік іздеген ана әлі де арыз жазатынын айтты. Қазір қыз отбасымен басқа үйге көшкен.

"Бұл жағдай қызымның психологиясына қатты әсер етті. Қазір ер адам көрсе, қорқатын болған. Мен соттың шешімімен келіспеймін. Мұндай жағдайға қалай ғана 3 күндік қамау туралы шешім шығаруға болады?" - деді жәбірленушінің анасы Альмира Әбдікәрімова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro