Лифтідегі шабуыл: 5 жасар баланың жағдайы туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лифтідегі шабуыл: 5 жасар баланың жағдайы туралы не белгілі? видео кадры

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуыл жасалған бес жастағы бала бетінің жұмсақ тіндерінен көптеген кесілген жарақаттар алып, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуыл жасалған бес жастағы бала бетінің жұмсақ тіндерінен көптеген кесілген жарақаттар алып, қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүлдіршін №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінде емделіп жатыр.

"Антибактериалды терапия мен физиотерапия жалғасып жатыр. Ісіну күшейген жоқ, динамика оң көрсеткіште. Сондай-ақ, күнделікті таңу процедуралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, 2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети