Лифтідегі шабуыл: зардап шеккен баланың анасы ұлының жағдайы туралы айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде пышақпен шабуыл жасалған бес жасар баланың анасы оның қазіргі жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы тұрғын үй кешенінің лифтінде пышақпен шабуыл жасалған бес жасар баланың анасы оның қазіргі жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, балаға жарақаттан кейінгі нейропатия диагнозы қойылған – бұл бет жүйкесінің зақымдануы, соның салдарынан оның сол жақ беті қозғалмай қалған. Қазір ол физиотерапия курсынан өтіп жатыр, алайда дәрігерлер әлі нақты болжам жасай алмай отыр.

"Сол жағы қозғалмайды. Дәрігерлер қалпына келу процесі біраз уақыт алуы мүмкін дейді. Қосымша ота жасау қажеттілігі туралы әзірге нақты ешкім ештеңе айта алмайды. Бір жылдың ішінде оңалту барысында белгілі болады", – деді зардап шеккен баланың анасы Tengrinews.kz тілшісіне.

Мамандардың айтуынша, мұндай жарақаттар кезінде көп нәрсе ағзаның жеке ерекшеліктері мен реабилитацияның тиімділігіне байланысты. Физиотерапия жүйке мен бұлшықеттерді ынталандыруға бағытталған, алайда қалпына келу процесі ұзаққа созылуы мүмкін. Дәрігерлер баланың жағдайын үнемі бақылап отыр, бірақ әзірге ота қажет пе, жоқ па деген сұраққа нақты жауап бере алмайды.

Еске салайық, 2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша, балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Дәрігерлер оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro