Алматыдағы №156 мектептің өкілдері мектеп бітіру кешіне ақша жиналып жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында ата-аналардың бірі бұл мектепте 100 мың теңгеден ақша жиналып жатыр деп шағымданған еді.
Алматыдағы №156 мектептің өкілдері мектеп бітіру кешіне ақша жиналып жатыр деген мәліметке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында ата-аналардың бірі бұл мектепте 100 мың теңгеден ақша жиналып жатыр деп шағымданған еді.
"Алматының Алатау ауданындағы №156 орта мектептің әкімшілігі білім басқармасына 2018 жылдың 2 сәуірінде келіп түскен шағым бойынша келесіні хбарлайды: шағымда айтылған деректер расталмады. Себебі жыл сайын "Ақшалай қаражат жинауға тыйым" туралы бұйрығының негізінде мектеп директоры түрлі қажеттіліктерге мектепте ақша жинауға болмайтыны жайлы бұйрық береді", - деп хабарлады мектеп директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Манар Темірғалиева.
"Шағым түскеннен кейін мектеп әкімшілігі бітіруші сыныптарда оқитын оқушылардың ата-аналарымен қайта әңгіме жүргізілді. Жеке әңгімелесу шараларының барысында лимузин жалдауға, "Диана" мейрамханасында шара ұйымдастыруға ақша жинау дерегі расталмады", - деді мектептегілер.
Сондай-ақ, мектептегілер мектеппен қоштасу кештерінің "болмағанын және өтпейтінін" айтып сендірді.
"Мектеппен қоштасу кеші өтпейді, бақылауда ұстаймыз. Виньеткалар да, лимузиндер де болмайды", - деп сендірді Манар Темірғалиева.
Бұл мектепте оқитын оқушылардың ата-аналарының айтуынша, осы күнге дейін мектепте ақша жинау жағдайы болып көрмеген.
"Қызым бұйырса үздікке бітіргелі жатыр. Бұл мәселе Алатау ауданындағы барлық мектепті қамтып отыр. Бір ата-ананың сөзі (ол біздің мектептен де емес) барлық мектептің балаларына зиян келтірді. Балалар осындай жаңалық шығып жатқаннан кейін емтиханымыз қалай болады деп қорқып жатыр. Қазір телевидение келіп, мектепте сұхбат алып жатыр, осы жағдайдың бәрі әсер етеді, қанша дегенімен олар бала ғой, бір жағынан сабағын оқуы тиіс, ал бір жағынан мынадай жағдай болып, милары екіге бөлініп жатыр. Біз мектепте ақша жинаған да емеспіз, жинамаймыз да. Ақша жинау дұрыс емес. Мұнда бірінші мәселе - балалардың ойы бөлінеді", - дейді ата-аналардың бірі Динара Жарылқасымова.