Қостанай облысының Лисаковск қаласында жалаңаш күйде көше бойымен серуендеп жүрген ер адам байқалған, - деп хабарлайды қостанайлық басылым "Наша газета". Киімінен тек шұлығы ғана болған. Суреттен қолында қысқы киімі бар екенін байқауға болады. Куәгерлер оны суретке түсіріп, Интернетке жүктеген.

Басылымның мәліметінше, бұл сенбі күні, 17 қыркүйекте қаланың орталығында болған. "Ол шегіп алған секілді. Оны жанынан өткен барлық адам суретке түсіріп алды. Ол болса бар байлығын көрсетіп, өзімен өзі жүре берді!", - дейді куәгерлер.
Еске салайық, осындай жағдай Теміртау қаласында болған. Ер адам түгелдей шешініп тастап қалада жүрген. Оны полицейлер ұстап алған. Ол бұл әрекетін әйелімен ұрысып қалғандықтан істегенін айтқан. Өзінің киімдерін ол түптердің жанына қойып кеткен. Сот оған 10 тәулік бойы қамауда болу шешімін шығарған.