22 маусым 2021 17:59

"Литрі 300 теңге". Вице-министр дизель отыны тапшылығының себептерін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дизель отыны мен бензин тапшылығы бар. Мәселе жақын арада жойылады. Бұл туралы брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде дизель отыны мен бензин тапшылығы бар. Мәселе жақын арада жойылады. Бұл туралы брифингте энергетика вице-министрі Әсет Мағауов мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, маусымда елдің оңтүстігінде мұнай өнімдерін жеткізу бойынша іркілістер болған. Мағауов оның негізгі себептері бірнеше факторға байланысты екенін айтты.

"Мысалы, Шымкент мұнай өңдеу зауыты (МӨЗ) жөндеу жұмыстарына байланысты жұмысын тоқтатты. Сондай-ақ, ол іске қосылғанға дейін 5-6 күн бұрын Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарында орналасқан жанармай құю бекеттерінің иесі Атырау мұнай өңдеу зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауытына өтінім беруді қысқартты. Себебі теміржол тарифтері қымбаттап кетті. Кәсіпкерлер Шымкент МӨЗ іске қосылады деп күткен", - деді вице-министр.

Ол 13 маусымнан бастап бензин өндірісі қайта басталғанын айтты. Соңғы бес күнде орташа тәуліктік өндіріс 6,5 мың тонна болған. Бұл ретте оңтүстік өңірлерде АИ-92 бензинін тәуліктік тұтыну мөлшері - 5,3 мың тонна. 16 маусымнан бастап дизель отынын өндіру қайта жанданған. Соңғы төрт күнде орташа тәуліктік өндіріс алты мың тоннаны, ал күнделікті тұтыну 5,6 мың тонна болған.

"Мұнай өнімдерін өндіру ағымдағы қажеттілікті толығымен өтейді. Шымкент МӨЗ-інде жөндеу жұмыстары кезінде кәсіпкерлер Атырау және Павлодар МӨЗ-дерінен отын сатып алу мүмкіндігіне ие болды. Өңірде мұнай өнімдерінің қоры қалыптасты. Бұл стандартты тәжірибе, зауыттар жыл сайын жоспарлы жөндеуден өтеді.

Бірақ жанар-жағармайды теміржол көлігімен уақтылы жөнелту бойынша мәселелер болды. Қазір ҚТЖ-мен бірлесіп, оңтүстік өңірлерге басымдықпен бензин жөнелтуді жеделдетіп жатырмыз. Министрлік мұнай өнімдерін өндіру саласындағы үйлестіруді қамтамасыз етеді, ал одан кейінгі процестер - кәсіпкерлер арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Осыған қарамастан, жеткізілім іркілістерін азайту үшін біз оңтүстік өңірлерге отынды қолмен жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізіп жатырмыз", - деп сендірді Әсет Мағауов.

"Жүргізушілер жанармай құю бекеттерінде сыртта көрсетілген баға басқа, ал іс жүзінде басқа бағаға сататынын айтады. Дизель отынының литрі 300 теңгеге дейін жеткен. Жүргізушінің айтуынша, таңдау жоқ. Бұл жағдайда олар не істеу керек?" - деп сұрады журналистер вице-министрден.

Бұған жауап ретінде Мағауов көтерме бағамен дизель отынының айтарлықтай өсуіне алғышарттар жоқ екенін айтты.

"Көтерме бағамен жағдай тұрақты. Мүмкін, белгілі бір ЖҚС нарықтағы жағдайды пайдаланып, бағаны көтерген болуы мүмкін. Менің ойымша, оларға қатысты тиісті шешімдерді органдар қабылдайды", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети