10 қыркүйек 2018 | 17:37

Литвада елшілік көлігін мас күйінде жүргізген қазақстандық Астанаға қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Литвада Қазақстан елшілігінің автокөлігін мас күйде жүргізген ер адамды ұзақ мерзімді дипломатиялық миссиясынан кері қайтырып, Астанаға жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Литвада Қазақстан елшілігінің автокөлігін мас күйде жүргізген ер адамды ұзақ мерзімді дипломатиялық миссиясынан кері қайтырып, Астанаға жіберді. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"7 қыркүйекте Литваның жол полициясы рейд барысында Toyota Avensis автокөлігін тоқтатқан. Көлікті Қазақстанның Литвадағы елшілігінде техникалық қызметкер, яғни жүргізуші механик басқарған. Тексеру барысында оның қан құрамында алкоголь мөлшері рұқсат етілген нормадан асып кеткені анықталған. Полицейлер әкімшілік хаттама толтырып, қызметкерді жіберген", - деді Смадияров. 

Оның айтуынша, қызметтік көлікті елшілік территориясына қазақстандық дипломат жеткізген. Жүргізушінің жол-көлік оқиғасы немесе басқа да жол ережелерін бұзу және бұзақылық әрекеттер туралы полиция тарапынан көрсетілмеген. 

"Осы қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүріп жатыр, соның нәтижесі бойынша шешім шығарылады. Қазіргі уақытта ол ұзақ мерзімде шетелдік іссапардан Астанаға қайтарылды", - деді ол. 

Еске сала кетейік, Қазақстанның 32 жастағы азаматының Вильнюс қаласында автокөлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталғаны хабарланған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети