17 наурыз 2021 | 17:45

Локдаун қанша уақытқа созылады? Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев "Қазақстанда локдаун уақыты созылуы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев "Қазақстанда локдаун уақыты созылуы мүмкін бе?" деген сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жағдай нашарласа, мәселе Ведомствоаралық комиссияға шығарылады. ВАК мұндай шешім қабылдауы мүмкін. Бірақ әзірге мәселе қарастырылып отырған жоқ", - деп түсіндірді Ержан Байтанаев.

Алайда Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі 8 наурызда және мереке күндері карантин шараларының бұзылуына байланысты елорда мен Алматыда вирус жұқтыру өскені байқалғанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігерінің шешіміне сәйкес 18 наурыздан бастап бізде карантин режимі күшейтілді және 21 наурыздан бастап жексенбіде толық локдаун енгізіледі. Оның қанша уақытқа созылатыны бізге, біздің санитар дәрігерлердің талаптарын қаншалықты сақтайтынымызға байланысты", - деп қосты ол.

Бұған дейін елдің бас санитар дәрігері Наурыз мейрамын қалай тойлау керегін айтқан болатын. Кейін қазақстандықтарға үндеу жасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная