17 наурыз 2021 17:29

"Пәтерге кіріп тексермейміз". Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пәтерлерде және жеке үйлерде Наурызды жаппай тойлаудың қалай тоқтатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пәтерлерде және жеке үйлерде Наурызды жаппай тойлаудың қалай тоқтатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОКҚ онлайн-брифингінде журналист Наурыз мейрамын туыстар арасында тойлауды қалай тоқтататынын сұрады.

"Бәрі халықтың жауапкершілігіне байланысты. Әрине, біз жеке үйлерге, жеке пәтерлерге кіріп тексермейміз. Бірінші кезекте көп адам жиналатын ортада немесе орындарда ең алдымен өздерінің жақындары мен туыстарына үлкен қауіп төндіретінін есте ұстау керек.

Бұл отбасылық мереке екенін түсінеміз және көптен күткен мереке екені де анық. Бірақ кез келген жағдайда біз сақтық танытуымыз керек. Сондықтан, осындай мерекелерге бармауға шақырамыз. Шағын ортада, отбасы мүшелерімен мейрамды атап өтуге болады. Жасы үлкен қариялар бар екенін де ұмытпайық. Олардың денсаулығына алаңдауымыз керек", - деп жауап берді Қиясов.

Бұған дейін Ерлан Қиясов қазақстандықтарға Наурыз мейрамын коронавирус пандемиясы жағдайында атап өту туралы айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети