Ломбардтарды жарнамалар жұлдыздар мен блогерлерден жауап алынады. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ломбардтарды жарнамалар жұлдыздар мен блогерлерден жауап алынады. Бұл туралы ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Таяуда қаржы пирамидаларын жарнамалаған эстрада жұлдыздарынан (блогерлерден - автор.) жауап алынады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 150, 157-баптары бойынша олар жауапкершілікке тартылады. Біздің шоу-бизнес пен эстрада жұлдыздарымыз қылмысты жарнамалаған кезде қылмыстық ұйымдардың да қызметін жарнамалағанын білуі керек болған", - деді Әділов.
Мұның алдында экс-депутат Светлана Романовская Instagram жұлдыздарын бұғаттауды ұсынған болатын. "Бұл өз абыройын төгу деген сөз. Не жариялайтыныңды бастапқыда тексеру керек, адамдарды шатастырмау қажет. Олар өзіне керек ақшаны алды, ал жазылушыларына немқұрайлы қарады. Жұлдыздардың еш қатысы жоқ деуге болмайды Оларға ақша берді, олар да жарнамасы үшін ақша алды. Жазылушылары көп аккаунтарды бұғаттап тастау керек деп ойлаймын", - деді Светлана Романовская.