Лондонда ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ұлыбритания павильоны таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
Лондонда ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ұлыбритания павильоны таныстырылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов британдық әріптесі Борис Джонсонмен бірге Лондонда Қазақстандық-британдық стратегиялық диалог отырысын өткізді, онда ЭКСПО-2017 көрмесіндегі Ұлыбританияның ұлттық павильонының жобасы таныстырылды.
Тараптар екі жақты және көп жақты форматтарда Қазақстан мен Біріккен Корольдік арасындағы ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің, оның ішінде Қазақстанның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақсыз мүшелігіне сайлануы тұрғысындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екі елдің экономикалық және саяси өзара іс-қимылының дамуының жоғары қарқынын айтып өтті және Астана мен Лондон арасындағы стратегиялық серіктестіктің артып келе жатқан деңгейін баса айтты.
Дипломаттар сондай-ақ, Қазақстан Президентінің 2015 жылғы қарашадағы Лондонға ресми сапары кезінде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екі елдің министрлері жоғары деңгейде байланыс орнатуға ниеттестіктерін және екі жақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша қарым-қатынасты дамытуға мүдделіліктерін білдірді.