Лотерея клубтары желісіне жүргізілген тексеріс қорытындысы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лотерея клубтары желісіне жүргізілген тексеріс қорытындысы жарияланды Фото:depositphotos.com

ІІМ Loto CLUB лотерея клубтары желісін тексеру нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Loto CLUB лотерея клубтары желісін тексеру нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері профилактикалық және жедел іс-шараларды өткізу кезінде белгілі бір топтың, оның ішінде қылмыстық құрамдастардың ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыруға қатысу деректерін анықтайды.

"12 және 13 қаңтарда ІІМ соталды тергеу шеңберінде азаматтардың өтініштерін тексеру мақсатында бүкіл ел бойынша Loto CLUB ЖШС мекемелерінде жедел-тергеу іс-шараларын өткізді. Жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру расталмады", - делінген министрліктің Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына берген жауабында.

Осыған байланысты, прокуратурамен келісе отырып, қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Екі жыл ішінде осындай 38 факт анықталып, оның ішінде 13 іс сотқа жолданған. 16 іс тоқтатылды, екі іс Қаржы мониторингі агенттігінің қарауына берілді, төртеуі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети