LRT ісі: Антикор жаңа мәлімет туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

LRT ісі: Антикор жаңа мәлімет туралы айтты Талғат Ардан, Қанат Сұлтанбеков. Фото: alrt.kz, strategy2050.kz

Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істе жаңа мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істе жаңа мәліметтер пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Антикор ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлімдеді. Дегенмен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет БАҚ-қа бұл жөнінде әзірге ашып айта алмады.

Бегайдаровтың сөзінше, қылмыстық істе алға жылжу бар.

"Белгілі бір ақпарат, белгілі бір қозғалыс бар, бірақ іздеу жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, бұқаралық ақпарат құралдарына жариялайтын жаңартылған ақпарат әзірге жоқ. Жаңа ақпарат болғанда, хабарлаймыз", - деді агенттік өкілі брифингте.

Бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздестіру бойынша іс қай сатыда екенін айтты.

Айта кетейік, Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков 5,3 жыл іздеуде.

Astana LRT бұрынғы басшысы Талғат Ардан 6 жылдан бері іздеуде.

Еске салайық, 2023 жылы мамырда Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында LRT ісі бойынша айыпталушылар Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке сырттай үкім жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети