25 ақпан 2015 15:57

Ляньюньган - Алматы бағытында тұрақты пойыз іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ляньюньган - Алматы тұрақты пойызының жіберілуі. ©"ҚТЖ" ҰК" Ляньюньган - Алматы тұрақты пойызының жіберілуі. ©"ҚТЖ" ҰК"

Ляньюньган - Алматы бағытында тұрақты контейнер пойызы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ляньюньган - Алматы бағытында тұрақты контейнер пойызы іске қосылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темiр жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 ақпанда Асқар Мәмидің басшылығымен "Қазақстан темiр жолы" компаниясының делегациясы Ляньюньган - Алматы тұрақты контейнер пойызын жөнелту рәсіміне қатысты. Шараға Цзянсу Ши Хэпин ауданының вице-губернаторы, Ляньюньган қаласы партиялық комитетінің хатшысы Ян Синши мен қаланың өзге де ресми тұлғалары қатысты. 

Ляньюньган қаласының портындағы қазақ-қытай бірлескен терминалы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Көлік-логистикалық терминалының жұмысы Қазақстанның темір жол қатынасы арқылы жасалатын транзиттік және экспорттық-импорттық әлеуетін көтеруге, сонымен қатар қысқа мерзім ішінде Азия-Тынық мұхиты өңірлеріне және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сауда қатынасын дамыта отырып шығу және сол елдерден Қазақстан аумағы арқылы Орталық Азия, Парсы шығанағы мемлекеттері, Ресей, Кавказ өңірі мен Еуропа транзитін дамытуға мүмкіндік беруге бағытталған. 

"Қазақстан темiр жолы" ҰК" акционерлік қоғамының делегациясы мен Цзянсу ауданы мен Ляньюньган қаласы басшыларының кездесуі барысында тараптар қазақ-қытай логистикалық терминалының жоғары динамикалық өсімі туралы айтылды. Терминал іске қосылғалы бері (19 мамыр 2014 жыл) 65 мыңнан аса контейнер өндірілді, бұл көрсеткіш 2015 жылғы жиырма футтық эквивалент жоспарынан 250 мыңға жоғары. 

Цзянсу ауданы - 74 миллион халқы бар, экономикасы дамыған өңір, мұндағы жалпы ішкі өнімнің көлемі 100 миллиард доллардан асады. 210 миллион тонна жүк тиейтін Ляньюньган теңіз порты әлемдегі ең ірі 20 порттың қатарына кіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети