28 наурыз 2020 11:41

Люксембург үкіметі Статиге қарсы қылмыстық тергеу бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Люксембург үкіметі Қазақстанның шағымы бойынша Статиге қарсы қылмыстық тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Люксембург үкіметі Қазақстанның шағымы бойынша Статиге қарсы қылмыстық тергеуді бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Люксембург соттарындағы алаяқтық үшін және ақшаның ізін жасырғаны үшін Анатол Статиге, Габриэль Статиге және олардың Ascom Group S.A. және Terra Raf Trans Trading Ltd компанияларына ("Стати") қатысты қылмыстық іс қозғау туралы өтініш берді.

Люксембургте Стати жалған қаржылық залал үшін өтемақы талап ету үшін төрелік сотта жалған құжаттарды қасақана қолданды. Бұл әрекеттер Люксембург Қылмыстық Кодексінің 196-197 баптарына сәйкес қылмыстық іс-әрекет болып табылады. Статидің мұндай әрекеттері сол елдің Қылмыстық Кодексінің 496- бабына сәйкес алаяқтық болып есептеледі, өйткені, олар саналы түрде және алдау арқылы төрелік сотты газ өңдеу зауытының бағалау құны бойынша жаңылыстырып, сол үшін Республикадан өтемақы сұрап отыр. Алайда, төрелік шешім қылмыстық әрекеттің нәтижесі болып табылатынын ескере отырып, оны Люксембургте сот талқылауы контекстінде пайдалану осы елдің әділсот жүйесіне қатысты алаяқтыққа тең.

Республика өзінің шағымында қылмыстық жолмен, яғни алаяқтықпен алынған ақшаның ізін жасырғаны үшін Статиді айыптайды. Осылайша, Люксембургте Стати алаяқтық жолмен алынған төрелік шешімді орындауға және өзінің қылмыстық табысының ізін жасыруға тырысады. Люксембургте бұл әрекеттер Қылмыстық Кодекстің 506-1-бабы бойынша қылмыс ретінде сараланады.

2019 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасы қылмыстық сотты Стати компанияларына берілген барлық аудиторлық есептердің күші жойылды деп таныған КПМГ аудиторлық компаниясының шешімі туралы хабардар етті. Статидің жалған ақпаратына негізделген аудиторлардың есептері онымен Қазақстанға қарсы төрелік шешімді алу үшін пайдаланылды. Брюссельдің апелляциялық соты осы аудиторлық есептердің төрелік шешімге тікелей қатысы бар екенін мойындағанын атап өту қажет.

Республика Стати қылмыстарының Люксембург билігімен қылмыстық тергелуі, оның қылмыстарының масштабын кеңінен ашады деп күтуде. Люксембургтің құзыретті билігінің тергеуді жүргізуге қатысуын ескере отырып, Республика қылмыстық тергеу рәсімдерінен Стати құтыла алмайды деп санайды.

Республика Люксембургте Стати әрекеттерінің қылмыстық тергелуі аяқталғанға дейін шведтік төрелік шешімді орындауға байланысты барлық процестерді тоқтата тұру туралы өтініш берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети