ІІМ Алматыда 7 жастағы баланың зорланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Алматыда 7 жастағы баланың зорланғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді Фото: jcomp/Freepik

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы мектепте жеті жасар баланы зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Алматыдағы мектепте жеті жасар баланы зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанда мектеп оқушыларының зорлану деректері көбеюіне не себеп екенін және істі ведомство қалай тексеріп жатқанын білуді жөн көрді.

"Бұл іс соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген, сондықтан соалды тергеп-тексеру басталды, мен тергеу барысы туралы пікір бере алмаймын немесе алдын ала болжам жасай алмаймын. Процессуалдық заң бұған тыйым салады. Сондықтан, тергеу нәтижесін күтейік. Әзірге күдіктілер жоқ, қажетті сараптамалар тағайындалды", - деді Қожаев журналистің сұрағына жауап беріп.

Еске сала кетейік, оқиға туралы жәбірленушінің анасы хабарлаған болатын. Әйел жеті жастағы баласына қатысты оқиғаны егжей-тегжейлі сипаттап, видео түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети