22 сәуір 2019 | 11:37

ІІМ Алматыдағы ұстау шаралары жайлы: Плакаттар марафон өткізуге кедергі жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/tamina_spnv © instagram.com/tamina_spnv

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда өткен марафон кезінде адамдарды ұстау шаралары жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыда өткен марафон кезінде адамдарды ұстау шаралары жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Кеше екі азамат ұсталды... (Олар) плакаттарды жайып, митинг, шеру және демонстрация заңнамасын бұзды. Адамдар тоқтай қалып, видео- және фототүсірілім жасап, марафон өткізуге кедергі келтірді. Ұсталғаннан кейін, олар сотқа жеткізілді. Сот шешімімен олар 15 тәулікке қамалды", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін кулуарда журналистердің сұрағына жауап беріп. 

"Саяси лозунгтар болмады. Сайлаудың не қатысы бар? Мен тағы да қайталап айтамын, спорттық шара өтіп жатты, ол ертеректе дайындалған. 17 мың адам қатысты, осы кезде ол екеуі плакат іліп жүр. Плакаттар шара өткізуге кедергі келтірді. Бұл ереже бұзушылық емес пе?", - деді министр. 

Алматы полициясының мәліметінше, марафон кезінде бірнеше адам "От правды не убежишь. #У меня есть выбор. #ADILSAILAYUSHIN" деп жазылған плакаттарды ілген. 


© facebook.com/irene.mednikova

"Суретке түсіру үшін жол бойына адамдар шыға бастады, осылайша олар марафонға қатысушыларға кедергі келтірді: сол жерде бірін-бірі қысып, байбалам салуы мүмкін еді. Соңы қандай боларын кім білсін", - деді Алматы полициясының өкілдері. Ведомство өкілдерінің айтуынша, бұл "марафон қатысушыларына деген құрметсіздік" деп есептейді. 

Сондай-ақ, полиция өкілдеріплакат ілген азаматтар полицияның талабына бағынбай, құжаттарын көрсету және анкеталық мәліметтерін көрсетуден бас тартқан. 

Алматы полиция департаментінің мәліметінше, марафон кезінде кез келген келісілмеген шара азаматтар қауіпсіздігіне зиян келтіруі мүмкін еді. 

Екі адам, 1984 және 1998 жылғы азаматтар Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен 15 тәулікке қамалды. БАҚ мәліметінше, олар Ася Тулесова және Бейбарыс Толымбеков.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети