29 маусым 2018 17:38

ІІМ ӘПК аулаларда жол-көлік оқиғасына түсіп қалмау жолдарын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Әкімшілік полиция комитеті тұрғын аймақтар мен тұрғын үй аулаларында ұстанатын жол жүру ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Әкімшілік полиция комитеті тұрғын аймақтар мен тұрғын үй аулаларында ұстанатын жол жүру ережелерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина Facebook желісіндегі парақшасында тұрғын аймақ - 5.38 белгісімен белгіленген учаске, құрылыс салынған аумақ немесе алқап.
Сонымен бірге, тұрғын аймақтарға қойылатын талаптар, аула аумақтарына да қолданылатынын атап өтті.

Баспасөз хатшысының түсіндіруінше, тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер тротуармен де, сол сияқты жол бөлігімен де жүреді. Тұрғын аймақтарда жаяу жүргіншілер артықшылыққа ие, алайда олар көлік құралдарының жүруіне негізсіз кедергі келтірмеуге тиіс.

Жүріс жылдамдығы қандай болуы керек?

Тұрғын аймақтарда жүргізушілер жүріс жылдамдығын сақтау міндетті. ЖЖҚ-ға сәйкес тұрғын аймақтар мен аула аумақтарында көлік құралдарына сағатына 20 километрден аспайтын жылдамдықпен жүру рұқсат етіледі.

Аула аумақтарынан шығу

Тұрғын аймақтан шығатын жүргізушілерге ерекше талаптар қойылады. Маневрды жасаған кезде олар жол қозғалысының барлық басқа қатысушыларына жол беру қажет.

Қандай әрекеттерге тыйым салынады?

Тұрғын немесе аула аумақтарында жүргізушілерге кей бір әрекеттер жасауға тыйым салынады. Олардың бәрі ЖЖҚ-да жазылған және оларды сақтау қажет. Тұрғын аймақтарда, сондай-ақ аула аумақтарына жүргізушілерге:
- көлік құралдарының толассыз жүруіне;
- жолдың жүру бөлігінен тыс жерде көлік құралының жүруіне;
- жүргізіп үйренуге;
- дыбыс сигналын беруге, музыканы қатты қосуға тыйым салынады.

Тұрғын және аула аумақтарында тоқтап тұру

Аула аумақтарында тоқтап тұру ережесі ЖЖҚ-да бөлек жазылған. Осылайша, жүру бөлігімен шектескен немесе шектеспеген тротуарларда, сондай-ақ көгалдарда, балалар және спорт алаңдарында тоқтап тұруға тыйым салынады. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған күйде тоқтап тұруға тыйым салынады - бұл қысқы мерзімде автоқөліктерін көрші терезесінің астында жылытатын жүргізушілердің ең жиы жасалатын бұзушылығы.

Жүк автомобильдеріне (рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 килограмнан асатын) және автобустарға аула аумақтарында арнайы бөлінген әрі белгілермен және (немесе) таңбалармен белгіленген орындардан тыс тоқтап тұруына мүлдем тыйым салынған.

ЖЖҚ-ға сәйкес тоқтап тұру - көлік құралының жүрісін жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты емес себептер бойынша бес минуттан асатын уақытқа әдейі тоқтату ретінде есептеледі.

Осылайша, тоқтап тұруға тыйым салынған жерлерде аялдау және 5 минутқа дейін тұру, жолаушыларды отырғызуға немесе түсіруге не көлік құралын тиеуге немесе түсіруге байланысты себептермен бұдан да көп уақытқа, қағидалармен тыйым салынбаған.

Сондай-ақ азаматтар жүргізушілердің дәл кіреберіске көлік құралдарын қоятынмен жиі кездеседі. Бұл ретте олар ЖЖҚ-ны бұза ма?

ЖЖҚ-ның 12.4.8-тармағына сәйкес көлік құралы жаяу жүргіншілердің (сол қатарда, мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын, велосипедті, мопедті, мотоциклді жетелеп әкеле жатқан, шана, арба, балалар арбасын сүйретіп келе жатқан жеке адамдардың) жүруіне кедергі (кептеліс) келтіретін жерлерде тоқтауға тыйым салынады.

Осылайша, егер кіреберіске қойылған көлік жаяу жүргіншілердің, сол қатарда, балалар арбасынмен немесе мүгедектерге арналған кресло-арбалармен жүріп-тұратын адамдардың жүруіне кедергі келтірсе, көлік жүргізушісіне әкімшілік іс-шаралар қолдану үшін 102 телефон нөмірі арқылы патрульды шақыруға болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети