ІІМ арнайы операциясы: 160 қылмыскер ұсталып, 2 есірткі зертханасы жойылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ арнайы операциясы: 160 қылмыскер ұсталып, 2 есірткі зертханасы жойылды видео кадры

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері қарашаның басынан бері 160 есірткі қылмыскері ұсталды, 2 есірткі зертханасы таратылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері қарашаның басынан бері 160 есірткі қылмыскері ұсталды, 2 есірткі зертханасы таратылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Синтетикалық есірткі өндіретін екі есірткі зертханасы жойылды. Келіп түскен ақпарат бойынша жедел қызметкерлер Алматы қаласында Жамбыл облысының екі тұрғынын ұстады, олардың автокөлігінің салонында 152 келі гашиш табылып, тәркіленді. Алматы полицейлері қаланың 24 жастағы тұрғынын ұстады, оның көлігінде жасырып сатуға дайындалған 1,2 келі психотроптық зат мефедрон табылған.

Семейлік полицейлер интернет-дүкеннің есірткі жасырушысы болып жұмыс істейтін Павлодар облысының екі тұрғынын құрықтады. Олардан бір келі "а-PVP" психотроптық заты тәркіленген. Есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы тұрғыны ұсталған. Тінту барысында оның жалдамалы пәтерінен есірткі жасау үшін пайдаланылатын жабдықтар, екі шыны колба, канистр және 1,5 келі мефедрон табылып, тәркіленген.

16 қарашада Алматы облысы Ұзынағаш кентінде полиция қызметкерлері есірткі зертханасын ұйымдастырғаны үшін Алматы қаласының екі тұрғынын ұстады. Үйдің аумағында орналасқан контейнерді тінту барысында үш тоннадан астам прекурсор, электрондық таразылар, реактор, шыны колбалар және 30 келі дайын мефедрон психотроптық заты тәркіленді.

"Қарашадан бастап ІІМ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері заңсыз айналымнан 208 келі түрлі есірткі заттарын тәркіледі", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети