ІІМ ата-аналарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ ата-аналарға үндеу жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі ата-аналарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 23 жасөспірім есірткі қылмысы үшін ұсталған.

"Биыл үш айда бүкіл ел бойынша тыйым салынған заттарды сақтауға және таратуға қатысы бар деген күдікпен 23 жасөспірім ұсталды. Олардың ішінде колледждердің бірінші курс студенттері мен 9-11-сынып оқушылары бар. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296 және 297-баптарына сәйкес есірткіні сақтағаны және таратқаны үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Оған қоса Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы бойынша есірткіні интернет және әлеуметтік желілер арқылы насихаттау мен жарнамалау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылады.

"Құрметті ата-аналар! Сіздерді балаларыңыздың ортасына және олардың бос уақытында не істейтініне ерекше назар аударуға шақырамыз. Қауіптің алдын алу маңызды! Балалардың болашағы біздің қолымызда! Бірлесіп қана есірткісіз, қауіпсіз қоғам құра аламыз! - деді ІІМ өкілі Қуандық Әлжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети