ІІМ ауқымды операциясы: 2 күнде 300-ге жуық адам ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

ІІМ жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

ІІМ жоғалған адамдардың орналасқан жерін анықтау және іздеуде жүрген адамдарды ұстау бойынша жедел-профилактикалық іс-шара өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі күн ішінде полиция іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстады, оның ішінде:

  • кісі өлтіргені үшін – 9;
  • денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін – 4;
  • қарақшылық шабуылдар үшін – 5;
  • тонау үшін – 7;
  • есірткі қылмысы үшін – 19.

Республикадан тыс жерлерде 33 қылмыскер құрықталып, ал басқа мемлекеттердің сұрауымен 145 адам қамауға алынған.

Арменияның Ноемберян ауданының аумағында 36 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол қыркүйектің аяғында Петропавлда қала тұрғынына пышақ жарақатын салып, өміріне қастандық жасаған.

Павлодар облысы полициясының жедел-іздестіру тобы Ресей Федерациясының Орел қаласында 42 жастағы қазақстандықты ұстады. Қаскөй 2017 жылы өңірлік ЖШС-нің біріне дизель отынын жеткізуге уәде беріп, 50 миллион теңгені иемденген.

Алматы полициясы Ташкент облысының МІІБ-мен іздеуде жүрген 28 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады. Әйел 2015 жылдың мамыр айында өзінің кәмелетке толмаған қызын өлтірген.

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауы бойынша Германияның Нюрнберг қаласында еліміздің 42 жастағы азаматы ұсталды. Ол наурыздың аяғында астық жеткізуге уәде беріп, Павлодарда шетелдіктің 244 мың АҚШ долларын жымқырған.

Абай облысының ПД қызметкерлері іздеуде жүрген семейлік тұрғындарды қаланың өзінде құрықтады. Олар 2021 жылы ҰҚТ көмегімен металл зауытынан құрамында алтыны бар материалды ұрлап әкеткен.

Сонымен қатар жүргізілген жұмыс барысында полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 53 адамның орналасқан жерін анықтады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.1  course up  590.94  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer