ІІМ ауқымды операциясы: Қазақстанда 80 тонна уытты зат пен мыңдаған таблетка тәркіленді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ ауқымды операциясы: Қазақстанда 80 тонна уытты зат пен мыңдаған таблетка тәркіленді

22-26 қыркүйек аралығында ел аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

22-26 қыркүйек аралығында ел аумағында есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, сондай-ақ уытты және күшті әсер ететін заттардың заңды айналымын бақылауға бағытталған "Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Есірткі айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қылмыстық кодекстің 303-бабы бойынша медицина қызметкерлеріне қатысты 11 қылмыстық іс қозғалып, 278 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Заңсыз айналымнан құрамында есірткі бар шамамен 7 мың дәрі-дәрмек және қосарлы мақсаттағы тауарларға жататын 80 тонна уытты зат тәркіленді.

Медицина саласында әкімшілік заңнаманы бұзудың 190-нан астам дерегі тіркелген. 202 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналып, құрамында есірткі бар 40 мыңдай таблетка, 290 мың психотроптық таблетка және 236 мың ампула тәркіленді.

Республика бойынша барлығы 519 медициналық мекеме тексерілген. Өнеркәсіп саласында 60 құқықбұзушылық анықталып, 2 мың тонна прекурсордың айналымына шектеу қойылды, 20 заңды тұлға жауапкершілікке тартылды. 159 кәсіпорын мен 734 көлік құралы тексерілген.

Ақтөбе облысында тексеру барысында Қытайдан теміржол арқылы 80 тоннадан астам уытты зат мемлекеттік лицензиясыз әкелінгені анықталды. Тәркіленген заттардың жалпы құны 86 миллион теңге. Бұл зат қосарлы мақсаттағы тауарларға жатады.

Шығыс Қазақстан облысында бір ЖШС-де күшті әсер ететін дәрілік заттардың рецептісіз сатылғаны тіркелді. "Прегабалин", "Зоника" және "Алиса" дәрілерінен 35 мыңнан астам таблетка тәркіленген.

Батыс Қазақстан облысында 40 жастағы тұрғынның үйінен лицензиясыз психотроптық препараттарды заңсыз сату дерегі анықталды.

Қарағанды облысында Астанадан Қарағандыға бағыт алған автокөлікті тексеру кезінде жалпы құны 240 мың теңгеден асатын "Тропикамид", "Прегабалин" және "Медазепам" препараттарының 82 қаптамасы тәркіленген.

"Ішкі істер министрлігі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар мен уытты заттардың заңды айналымы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Бұл бағыттағы жұмыс азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталған", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің басқарма бастығы Бақытжан Әмірханов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети