Қазақстанның ішкі істер министрлігі өкілдері республикалық автоХҚКО-ларында қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның ішкі істер министрлігі өкілдері республикалық автоХҚКО-ларында қалыптасқан жағдайға түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Биылғы 5 қаңтарда ақпараттық жүйелердің жаңартылуына байланысты "көлік құралын тіркеу" және "жүргізуші куәлігін беру" қызметтерін көрсету уақыты ұзарды. Бұл "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ бөлімшелеріндегі кезектің себебі болды. Осыған байланысты 6 қаңтарда туындаған техникалық ақауларды жою бойынша жұмыстар жүргізіледі, одан кейін қызмет көрсету қайта басталады. Халықты құжаттандыру саласындағы өзге де мемлекеттік қызметтер (жеке куәліктер, паспорттар беру) ХҚКО-да штат тәртібінде көрсетіледі. ІІМ ақпараттық-өндірістік орталығы уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, 4 қаңтарда республика бойынша техникалық жұмыстарға байланысты автоХҚКО-лар жабылған еді. "Азаматтарға арналған үкімет" өкілдерінің хабарына сенсек, дайын құжаттарды дайындау бойынша жаңа ақпараттық жүйе мен жабдықтарды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілген.