24 қазан 2022 17:54

ІІМ балаларды алдап жүрген топ туралы хабарламаға жауап берді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Балаларды тәттілермен алдап, ұрлап кететін ер адамдар туралы ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.


Балаларды тәттілермен алдап, ұрлап кететін ер адамдар туралы ақпаратқа қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.

WhatsApp-та, белгісіз біреулер ұлын ұрламақ болғанын айтқан әйелдің аудио хабарламасы тарады. Бетперде таққан адам балаға кәмпит ұсынып, оны ішінде бірнеше адам бар қара көлікке отыруға шақырған екен. Хабарламада әйел ұлының қаскүнемдерден қашып үлгергенін айтады, дегенмен ол полицияға барып, оқиғаның мән-жайын хабарламақ.

ҚР ІІМ бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. Олардың мәліметінше, ақпарат тексерілген және расталған жоқ.

"Полицияға мұндай арыздар түскен жоқ", – деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Сондай-ақ, хабарламада әйел балаларды осылай алдайтын топ барын айтады. Алайда тәртіп сақшыларына педофилдер тобы туралы да хабарланған жоқ. Аулаларды аралап, балаларды ұрлайтын ер адамдар тобы туралы ақпарат та – ескі фейк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети