Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда полицейлер 14 жастағы қызды зорлаған. Бұл ақпаратты журналистерге ішкі істер министрі Ержан Сәденов растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алматыда екі полиция капитаны 14 жастағы жасөспірім қызды зорлаған, бұл деректі растай аласыз ба? Егер бұл рас болса, күдіктілер ұсталды ма?" – деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында.
"Өкінішке қарай, бұл дерек болған. Қазір олар бұрынғы қызметкерлер, бұл қылмысты жасаған. Дереу тәртіптік комиссия құрылды, бұл адамдар теріс себептермен жұмыстан босатылды. Қылмыстық іс аясында олар қамауға алынды", - деп жауап берді Ержан Сәденов.
Министр тергеу әлі жалғасып жатқанын айтты. "Қылмыс кезінде полицейлер құқық қорғау органдарының қызметкерлері болды ма?" деген сұраққа Ішкі істер министрлігінің басшысы оң жауап берді.
"Иә, мен растаймын", - деді министр.
Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі "Зорлау" бойынша 9 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!