04 қазан 2022 13:24

ІІМ басшысы балтамен ұсталған ресейліктер туралы айтты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарадан өту ережесін бұзған Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шекарадан өту ережесін бұзған Ресей азаматтары Қазақстаннан шығарылды. Бұл туралы ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шекараны заңбұзушылықпен кесіп өткендер сот шешімімен Қазақстаннан шығарылып, құзырлы органдарға тапсырылды", - деді Ахметжанов.

Оның айтуынша, ұсталғандар өздерімен бірге балта алып жүрген.

"Оларда қару емес, балта болған", - деді ІІМ басшысы.

Еске салайық, 25 қыркүйекте шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаменті бақылау-өткізу бекетін айналып өтіп, шекараны кесіп өтпек болған үш Ресей азаматы ұсталған болатын. Тәртіп бұзушылар өз әрекеттерін Ресей Федерациясында жарияланған мобилизациямен байланыстырған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети