18 ақпан 2016 | 10:41

ІІМ басшысы Жамбыл облысындағы жағдайға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. © ortcom.kz Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. © ortcom.kz

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Жамбыл облысы Бурыл ауылындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір жағдай қалпына келтірілді. Меніңше, диаспоралар мен жергілікті билік түсіндіру жұмыстарын жүргізді, әкімдік пен құқық қорғау органдары шара қолданып жатыр. Қазіргі уақытта жағдай тұрақтанды. Бізде ұлттық ұланымыз бар, ол күшейтілген нұсқаға өтті. Күдіктіге күзет қойылды. Бүгін оны қамау туралы мәселе шешіледі. (...) Барлығы бақылауда, ол жақта ешқандай да режим енгізген жоқпыз", - деп хабарлады ІІМ басшысы. 

Ұлттық ұлан жауынгерлерінің қызметінің күшейтілген нұсқасының қашан алып тасталатыны жайлы сұраққа Қасымов 1-2 күннің ішінде екенін айтты. "Меніңше, бұл жеткілікті", - деп түсіндірді министр.

"Бұл тұрмыстық қылмыс, меніңше. Қылмыскер кінәсін мойындап отыр, барлық сараптаманы өткізгенде тергеу қиын болмайды деп ойлаймын, біз істі сотқа жылдам жібереміз", - деді ол.

Министр бұл жағдайда ұлттық араздықтың жоқтығын атап өтті. "Оның үстіне бұл осы істе жоқ. Мен осыны мәлімдеймін", - деп қорытындылады ІІМ басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети