Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қарумен қашып кеткен әскери қызметкер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қарумен қашып кеткен әскери қызметкер жайлы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Келісім-шартпен жұмыс істейтін сарбаз қызмет орнынан тапанша мен автоматтар ұрлап, кетіп қалған. Қазіргі уақытта ол ұсталды. Қару-жарақтарды тәркілеу бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр. Барлық тергеу іс-әрекеттері аяқталғаннан кейін, сондай-ақ оның сыбайластары, қарулар қайда жасырылғанын және оның қалай алынғаны анықталғаннан кейін, ақпаратты жеке береміз. (...) Әзірге айтарым бір, осы қарулардан ешкім зардап шеккен жоқ", - деді министр Сенатта журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.
Түркістан облысында қару-жарақ алып, әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз туралы не белгілі?
Еске салайық, Түркістан облысында сарбаз қару-жарақ алып, әскерден қашып кеткен. 20 ақпанға қараған түні кіші сержант қызметтік орнынан өз еркімен кетіп қалған.
"Сол уақытта атыс қаруының саны азайғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдары мен әскери полиция күшімен әскери қызметкер мен жоғалған қаруларды іздеу және ұстау бойынша шұғыл шаралары жүріп жатыр", - деді ведомстводағылар.
Tengrinews.kz оқырмандары редакцияның WhatsApp-нөміріне жіберген мәлімет бойынша, оқиға №10216 әскери бөлімінде болған. Бұл Шымкенттен 30 шақырым жердегі Бадам ауылы.
Сол хабарламада 20 ақпанға қараған түні кіші сержанттың қызмет орнын өз еркімен тастап кеткені айтылады. Ол өзімен бірге 30 Калашников автоматы мен 27 Макаров тапаншасын және 429 оқ-дәрі алып кеткен делінеді.