ІІМ басшысы қазақстандықтарды нашақорлыққа міндетті тексеруді қолдады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшысы қазақстандықтарды нашақорлыққа міндетті тексеруді қолдады

Ішкі істер министрі нашақорларды анықтау үшін скрининг енгізу қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі нашақорларды анықтау үшін скрининг енгізу қажет екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, бүгінде студенттер арасында есірткі қолдану деректері анықталып жатыр, сондықтан алдағы уақытта скрининг жүйесін енгізу жоспарланған", - деді ІІМ басшысы.

Министрдің айтуынша, скрининг жағдайды объектив бағалауға мүмкіндік береді және есірткіге тәуелділерді, әсіресе жасөспірімдер арасында ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді.

"Биоматериалдар жұмысқа орналасу кезінде, мемлекеттік қызметте, жүргізуші куәлігін алу кезінде тексеріледі. Есірткіні қолданған жағдайда (скрининг көрсетуі мүмкін – еск.).

Бәріңіздің балаларыңыз бар. Бүгінде синтетикалық препараттар кең таралған және оңай қолжетімді. Бір дозасы 10 мың теңге тұрады. Олар интернет, ломбард арқылы жібере алады. Ғылыми сараптама көрсеткендей, тұтыну ерте сатысында анықталса, 95 пайызын қалыпты жағдайға қайтаруға болады. Үшінші кезеңде тек 15 пайызы ғана қалыпты өмірге орала алады", - деді Ахметжанов.

Ішкі істер министрлігінің басшысы мектептерде есірткі түрлерінің көбейгенін мәлімдеді.

"Мұны жасырмаймыз. Бүгінде сенімді есеп жоқ. Биоматериалдарды кәсіби сараптамадан өткізуді ұсынамын. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынысы, бірақ біз оны қолдаймыз. Оқу орындарына түскенде, жұмысқа, мемлекеттік қызметке, әскери қызметке", - деді Марат Ахметжанов.

Ол биоматериалдардан есірткіні анықтауда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік болмайтынын қадап айтты. Барлық ақпарат балалардың ата-аналарына жіберіледі.

"Бүгін таңдауымыз керек: бізге не маңыздырақ, балаларымыз бен қоғамның қауіпсіздігі немесе бұны бәрі біліп қояды деп қорқамыз ба?" - деді Ішкі істер министрі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети