ІІМ басшысы Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай туралы есеп берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшысы Тоқаевқа еліміздегі криминогендік жағдай туралы есеп берді © Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына еліміздегі криминогендік жағдай, ішкі істер органдарының биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмысының қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Министр Президентке ведомство жұмысындағы бірқатар оң үрдістер жайында айтты. Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, биыл қылмыс деңгейі 13 пайызға қысқарған, тонау, ұрлық және бұзақылық 37 пайызға аз тіркелген. Қоғамдық орындар мен көшелердегі қауіпсіздік деңгейі артқан.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа есірткі қылмысына қарсы күрес туралы баяндалды. Ішкі істер министрінің мәліметтеріне сәйкес, бірінші тоқсанда полицейлер 860 есірткі қылмысын анықтап, синтетикалық заттар жасайтын 8 зертхананы жойған, 1 тоннадан астам есірткі тәркілеген.

Министр Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы, оның ішінде, "қол жетімді полиция" қағидатын қамтамасыз ету және учаскелік инспекторлар қызметін реформалау жайында ақпарат берді.

Ерлан Тұрғымбаев әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелердің штат санының тиісті нормаларға жеткізілгені, әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстық істерді жүргізу бойынша тергеуші әйелдердің мамандануын кезең-кезеңімен енгізу туралы баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ішкі істер органдарын цифрландыру, жол апаттарының алдын алу жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Президент жеке құрам мен ведомствоның ақпараттық саясатының жұмысын жетілдіру қажет екеніне назар аударды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети