ІІМ басшысы Тоқаевқа ресейліктердің елге келуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшысы Тоқаевқа ресейліктердің елге келуіне байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың баяндамасын тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың баяндамасын тыңдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президентке құқықбұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарды ашу, тергеу бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу, жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты нығайту үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Атап айтқанда, интернеттегі алаяқтыққа, есірткі бизнесіне және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес күшейтілді. Отбасылық-тұрмыстық жанжалдан туындайтын құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Сондай-ақ Марат Ахметжанов Ресей Федерациясы азаматтарының елімізге келуіне байланысты ішкі істер органдары қабылдап жатқан шаралар туралы айтты.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына Ішкі істер министрлігінің бюрократиядан арылту, цифрландыру және жұмыс процесін автоматтандыру, ішкі рәсімдерді оңтайландыру бағытында атқарып жатқан қызметі туралы ақпарат берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент еліміздегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыруға, сондай-ақ көші-қон мәселесіне тиімді бақылау жүргізуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети