ІІМ басшысының бірінші орынбасары полицияларға қатысты стереотипке жауап берді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ басшысының бірінші орынбасары полицияларға қатысты стереотипке жауап берді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полиция қызметкерлеріне қатысты стереотиптерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев полиция қызметкерлеріне қатысты стереотиптерге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист Қожаевтан ішкі істер органдарына қызметкерлерді қабылдау жайын сұрады.

Брифинге "Қазақстан халқының ең табысты өкілдері полиция мамандығына бармайтынын қалай түсінуге болады" деген сұрақ көтерілді.

"Мен бұл жағынан сізбен келіспеймін. Неліктен бізге табысты емес адамдар келеді деп ойлайсыз? Бұл бөлмеде бірнеше халықаралық стартаптарды жеңіп алған және жеті тілді меңгерген жас мамандардың бәрі бар... Толық білімді, тәрбиелі және жанқияр адамдар. Полицейлер көбінесе осындай", - деп жауап берді ол.

Қожаевтың айтуынша, Ішкі істер министрлігінің құзыретіне қатысты теріс қорытындылар әртүрлі ерекше жағдайлардан шығарылады.

"Қоғам өте алуан түрлі, біз адамдарды жұмысқа аламыз, біз оларды басқа планетада оқытпаймыз. Біздің қоғамдағы адамдар бізге келеді. Ал полиция біздің бүгінгі қоғамдағы ұстанымымыздың бір бөлігі десек те артық болмас. Дәл сіз сияқты ғой... Мен мұнымен түбегейлі келіспеймін.

Журналист ретінде келіңіздер, біздің жігіттермен бірге тергеуге, патрульдік қызметке қатысыңыздар, полицияның күнделікті жұмысы түрлі психофизиологиялық күйзелістерге ұшырайтынын көресіз. Оны кез келген адам көтере бермейді. Ал журналистердің жартысы шыдамай ма деп қорқамын. Келіңіздер, қорытынды жасамас бұрын көз жеткізіңіздер", - деп түйіндеді сөзін ІІМ басшысының бірінші орынбасары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети