ІІМ-дегі қызметінен кеткен Бақытжан Балташев жастарға ескерту жасап, "шектен шықпауды" өтінген. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха Астанада үйлену тойының кортежіне қатысты болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ-дегі қызметінен кеткен Бақытжан Балташев жастарға ескерту жасап, "шектен шықпауды" өтінген. ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басшысы Игорь Лепеха Астанада үйлену тойының кортежіне қатысты болған оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін жалпы отырыстың кулуарында әкімшілік полиция комитетінің басшысы бүгінгі таңда ел болып талқылап жатқан үйлену тойына өзінің де шақырту алғанын мойындады.
"Мен үйлену тойында болған жоқпын. Шақырған, бірақ мен жағдайларға байланысты барған жоқпын", - деді журналистерге Игорь Лепеха және ол қызметінен кеткен әріптесіне қатысты жеке тоқталды. Ол алқаның отставкаға жіберу туралы шешіміне баға берді.
"Ол (Балташев) еңбекке уақытша жарамсызбын деп кеткен жоқ, тығылған жоқ. Кеше таңертең келіп, өз еркімен баянат жазып кетті. (...) Ол офицер ретінде мұндай даудан кейін кетуім тиіс деп есептеді. Мен оның шешімін құрметтеймін", - деді әріптесінің баянатын қабылдаған Игорь Лепеха.
Комитет басшысы соттың айыптыларға қатысты бұлтартпау шарасын қолданатынын тағы бір мәрте мәлімдеді. Сонымен қатар, үйлену тойының кортежінде болған автокөліктердің кімге тиесілі екенін айтты. "Ол номерлер (көліктердің номері - Авт.) қазір көптеген сұрақ тудырып отыр. Мынадай түсінік бар: заңды және жеке тұлға. Үш әріп болса - жеке, екеу болса - заңды. Олардың қандай да бір мемлекеттік органдарға қатысы жоқ. Бүгінгі таңда кез келген ЖШС заңды тұлға ретінде тіркеліп, екі әріпті номерді ала алады. Көліктер жекенікі, фирмадан жалға алынған. Әрине, стробоскоптар да", - деді Игорь Лепеха.
Әріптесіне мінездеме берген Игорь Лепеха Бақытжан Балташевтің ІІМ басшылығына жақсы жағынан көрінгенін айтты. "Аса білікті, өз ісінің маманы, ол басқармада ұзақ уақыт бойы басшы болды. Менде жұмыс істеген кездері бойынша шағымым жоқ. (...) Ол маған былай деді: "Иә, мен үйлену тойының алдында жастарға ескерттім, шектен шықпаңдар дедім". Тағы бір айтқаны, ол өзі немесе туыстарының бірі жастарды қадағалау үшін бірге бармағанына кінәлі. Маған айтулары бойынша, ол жерде оның ұлының емес, қонақтардың бастамасы басымырақ болған", - деді Комитет басшысы.
"Біз көпшілік алдындағы адамдармыз, сондықтан туыстарымыз үшін де қандай да бір шараларға жауаптымыз", - деді Игорь Лепеха журналистерге бұл тақырыпты жабуды ұсынып.
Еске салайық, таяуда полиция полковнигі Бақытжан Балташев ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен берілген рапорт бойынша құқық қорғау органдарынан жұмыстан шығарылды. Отставканың себебі - оның ұлының үйлену тойына жалданған той кортеждерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы.