ІІМ: екі айда 900-ден аса есірткіге қатысты қылмыс ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ: екі айда 900-ден аса есірткіге қатысты қылмыс ашылды polisia.kz

ІІМ қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастырып жатыр. Оның ішінше есірткі қылмысына қарсы күрес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты белсенді жалғастырып жатыр. Оның ішінше есірткі қылмысына қарсы күрес, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, екі ай ішінде республика аумағында 981 есірткі құқық бұзушылығы анықталған, оның ішінде 219 есірткі өткізу дерегі және 10 есірткі контрабандасы.

"Екі ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеті жойылды, 12 есірткі зертханасы мен төрт есірткі притоны таратылды. Синтетикалық есірткі сатқаны үшін 230 адам ұсталды, оның ішінде 45 оператор және 185 есірткі жасырушы. Есірткіні өткізуге және насихаттауға қатысы бар 1560 интернет-ресурс анықталып, бұғаттауға жолданды. Telegram өкілдерімен өзара іс-қимылдың арқасында заңсыз контенті бар екі мыңнан астам сілтеме жойылды. Заңсыз айналымнан барлығы 5,5 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 76 келі синтетика. Үш тоннадан астам прекурсорға заңды айналымда шектеу қойылды", – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети