ІІМ электрсамокаттарға қатысты шешім қабылдады

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ электрсамокаттарға қатысты шешім қабылдады Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Қазақстанда электрсамокаттарды жалға беру қызметіне қатысты жаңа ереже енгізілді. Енді әр самокатқа мемлекеттік нөмір берілуі тиіс, - деп хабарлайды Tengri Auto. Тиісті талапты Ішкі істер министрлігі бекітті.


Қазақстанда электрсамокаттарды жалға беру қызметіне қатысты жаңа ереже енгізілді. Енді әр самокатқа мемлекеттік нөмір берілуі тиіс, - деп хабарлайды Tengri Auto. Тиісті талапты Ішкі істер министрлігі бекітті.

Электрсамокаттарды жалға беретін компаниялар техниканың толық есебін жүргізуге міндетті болады. Оған құрылғының маркасы, моделі және шығарылған жылы, сериялық нөмірі, пайдалануға енгізу және шығару күні, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету, жөндеу және берілген тіркеу нөмірі туралы мәліметтер кіруі тиіс.

Нөмірлік белгілер бірнеше жерге орналастырылуы қажет: корпустың артқы бөлігінде дөңгелектің үстінде, сондай-ақ рөл тірегінің сол және оң жақтарында. Тіркеу белгісінде латын әріптері қолданылуы тиіс, ал цифрлардың саны бестен аспауы керек. Мұндай нөмірлерді өзгертуге немесе оларды басқа самокаттарға қайта беруге тыйым салынады. Сонымен қатар басқа оператордың нөмірін пайдалануға болмайды.

Электрсамокаттың артқы тіркеу нөмірі, фото: ҚР НҚА

Электрсамокаттың бүйірлік тіркеу нөмірі, фото: ҚР НҚА

Жұмысты бастамас бұрын оператор-компания басқа кикшеринг қызметтеріне заңды тұлғаның атауын және нөмірлеу үшін таңдалған латын әрпін көрсетіп, жазбаша хабарлама жіберуі тиіс.

Егер самокат пайдаланудан шығарылса, оған бекітілген нөмір оператордың базасында қалады және басқа техникаға берілмейді. Белгі зақымдалған немесе жоғалған жағдайда оны дәл сондайымен ауыстыруға рұқсат етіледі.

Бұған дейін электрсамокаттарды пайдалану ережелеріне енгізілетін өзгерістер талқыланған. Өткен қыс мезгілінде ІІМ ұсыныстарды пысықтап, қатаң талаптар дайындады.

Сонымен қатар Мәжіліс құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңнамаға енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады. Құжатта жалға берілетін электрсамокаттар басқару үшін тіркеу нөмірі мен азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру талап етілетін көлік құралдарының тізіміне енгізілген.

2026 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда электросамокаттарды пайдалануға қатысты жаңа ережелер күшіне енеді.

Алматының Полиция департаменті электрсамокаттарға қатысты талаптардың күшейтілуін жол-көлік оқиғаларының артуымен байланысты деп түсіндірген болатын.

Ведомство мәліметінше, 2025 жылы қалада электросамокаттардың қатысуымен 386 жол-көлік оқиғасы болған. Салдарынан 400-ден астам адам зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Сондай-ақ 24 мыңнан астам әкімшілік хаттама толтырылып, 10 мыңнан астам самокат арнайы тұраққа қойылған. Бұл көрсеткіштер бақылауды күшейтуге негіз болды.

"Электрсамокаттар іс жүзінде көлік ағынының бір бөлігіне айналды, сондықтан олар үшін де жол қозғалысының басқа қатысушыларына арналған ережелер сияқты түсінікті әрі міндетті ережелер болуы керек", - деді Алматы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Айдын Қабдулдинов.

Кең таралған құқық бұзушылықтардың қатарында: тротуарда жылдамдықты арттыру, жаяу жүргіншілердің жанында қауіпті маневр жасау, бір самокатпен бірнеше адамның жүруі, техниканы кәмелетке толмағандардың басқаруы, сондай-ақ жаяу жүргіншілер өткелінен самокаттан түспей өту.

Электросамокаттарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заңды сенат депутаттары да қарап, мақұлдады. Ресми түрде көлік құралы ретінде тану, тіркеу нөмірін орнату және жүргізушінің кәмелетке толуы талаптарынан бөлек, оларды басқару үшін енді міндетті сақтандыру қажет, ал жолдың қозғалыс бөлігінде жүру үшін міндетті түрде жүргізуші куәлігі болуы тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети