ІІМ интернет-алаяқтар туралы хабарлама жібере бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ интернет-алаяқтар туралы хабарлама жібере бастады Фото: Tengrinews.kz

ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескерту SMS-терін жіберуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ интернет-алаяқтықтың алдын алу үшін ескерту SMS-терін жіберуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

SMS арқылы алаяқтық туралы халықты бірыңғай хабардар ету туралы 4 тамызда Ішкі істер министрінің Цифрлық даму министрлігінің өкілдерімен және байланыс операторларымен кездесуінде айтылған болатын.

Мобильді байланыс Қазақстанның әрбір тұрғынына тұрғылықты және орналасқан жеріне қарамастан қолжетімді болғандықтан, SMS арқылы алаяқтық фактілері туралы ақпарат беру азаматтарды жедел хабардар етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Kcell қолданушыларына келесідей мәтінмен SMS-тер жіберілді:

Anydesk және Teamviewer қосымшаларын бөгде адамдардың нұсқауы бойынша орнатпаңыз! Сізге мүлікті кепілге қою әрекеті туралы хабарланды ма? Банкпен шұғыл түрде хабарласыңыз!

Сізге несие алуға тырысқаны туралы хабарланды ма? Банкпен шұғыл түрде хабарласыңыз! Сізден онлайн несие беруді сұрады ма? Телефонды қойыңыз! Бұл алаяқтар!

Сізден өз деректеріңізді, карта нөмірін, sms-кодтарды атауды сұрады ма? Бұл алаяқтар! Тарату жүйесінің шектеулеріне байланысты SMS мәтіндеріндегі таңбалар саны шектеулі. Сондықтан хабарлама мәтіні қысқартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети